Екі аптада миллион адам мінген: Астана әкімі LRT жұмысы бойынша қорытынды ұсынды

Астана тұрғындары мен қонақтары 16 мамырда ашылған LRT-ді белсенді түрде пайдаланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордадағы жаңа қоғамдық көлік жүйесінің жұмысын бөлісті.
LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар ағыны екі апта ішінде 1 миллионға жетті. Күнделікті жолаушылар ағыны – шамамен 65 000-75 000 адам.
“Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында қалалық қоғамдық көлігінің осы жаңа түріне деген сұранысты көрсетеді. Барлық жолаушыға LRT-ді белсенді пайдаланғаны, жаңа көлік жүйесіне сенім білдіргені және инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысымды білдіремін", – деді қала әкімі.
Оқыңыз