Мұсылмандарға арналған 2021 жылдың күнтізбесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат пен пәтуа бөлімі 2021 жылға арналған діни күндер мен мейрамдардың кестесін бекітті.
Келесі жылы әл-Мирадж түні 10 наурыздан 11 наурызға қараған түнге, Барат түні 28 наурыздан 29 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қасиетті Рамазан айы 14 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.
9 мамырдан 10 мамырға қараған түні - Ләйләтүл Қадір түні болады. Ораза айт 13 мамырда атап өтіледі.
Арафа күні 19 шілдеге тура келеді.
Құрбан айт - 20-22 шілде аралығында тойланады.
Ашура күні - 19 тамызда, Мәуліт - 18-нен 19 қазанға қараған күнге сәйкес келеді.
Алайда кейбір күндер қайта жоспарлануы мүмкін. Бұл хижри айларының басталуы Халықаралық астрономиялық зерттеулер орталықтарының мәліметтер базасына негізделгендігімен байланысты.
Сондықтан мамандар діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың басталуына байланысты бір күн бұрын немесе бір күн кейінге шегерілуі мүмкін деп ескертеді.
Рағайып кешін енгізуге ұмытып қалдырыпсыздар
Сәлеметсіздерме
айлардың уақытынн қалай білеміз сағат нешеде ораза ұстау керек бұл күндері толығырақ білсек болама?