Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Төлепберген журналистерді итке теңеді: Ренжісе, ренжи берсін

Stan.kz тілшісі еліміздегі танымал журналистердің бірі, КТК телеарнасының жүргізушісі Дина Төлепбергенмен кездесіп, жұмысының ыстық-суығы, алғыстың орнына қарғыс айтатындар мен өзін үнемі қолдап жүретін отбасы туралы сұхбаттасып қайтты. 

Dina Tolepbergen

Қазір қолға алған "Астарлы ақиқат" ток-шоуы шынайылығымен қорқытады. Жұмысыңызда ең қиыны не?

Ток-шоудағы ең қиыны - қарсы тараптың пікірімен келісу. Мәселен, бір адам шағым айтып келіп, сол шағымды айтып, толығымен өзінікін дұрыс деп шыққанға ұмтылады. Біздің міндет тек бір тараптың пікірмен шектеліп қалмай, жан-жақты қарау, зерттеу. Студия  - үлкен пікірталас алаңы. Ал пікірталас болған жерде шындық ақтарыла ашылады. «Астарлы ақиқаттың» ток-шоу ретінде өзіндік орны бар. Көпшіліктің сұранысына ие болып жатқаны да сондықтан деп білемін.

Қазақ жақсылығын асырып, жамандығын асыратын халық. Ішін көпшілікке ақтаруға үйренбеген. Қалай сөйлетесіз? Актерлер деген рас па?

Кейбір ток-шоуларда әдейі жалданған адамдар сондай дүниелерді шоу, эффект үшін жасап жатады. Мен мақтанып айта аламын, «Астарлы ақиқатта» ондай дүние жоқ. Әдейі келісілген адамдар болған емес. Түсірілім барысында шаш жұлысулар мен жанжалдар болған. Бірақ олардың бәрі шынайы эмоция. Іштегі мұңын, зарын шығарып алсын деген ниетпен кейде басу айтпаймын. Эмоциясы толық шыққаннан кейін барып адамдар мәмлеге келіп жатады.

Студияға келіп отырған кейіпкердің ақиқатын айтқызудың сіз қолданатын қандай да бір амал-айласы бар ма?

Бізде «Мониканың мұңы» деген бағдарлама түсірілді. Конгодан келген азаматша ЭКСПО-ға келдім, қазақ азаматынан жүкті болып босандым, баламның әкесін іздеймін деп шағымданған еді. Бірақ біз журналистік зерттеу жүргізе келе, мұның бәрі жалған ақпарат екенін анықтадық. Оның өтірік айтып жатқанын дәлелдей алдық.

Шын мәнінде ЭКСПО-ға келмеген екен. Елімізге келген кезде жүкті болып келген. Қазақ азаматынан деп отырғаны жалған. Моника бағдарламаға келген кезде осы ақиқаттың ақтарылып шығатынын білген жоқ. Бағдарлама барысында Моника шындығын мойындаған жоқ. Өйткені халық білсе, бірден депортациялап жіберді деп қорықты.

Бір ғана тараптың ақиқатына сенсең, онда сен ақиқатқа жетпейсің. Бір жағынан бұл тергеушінің жұмысы сияқты. Егер журналистерді жануарға ұқсататын болса, онда мен оларды ит деп айтар едім. Өйткені, ит бір нәрсенің ізіне түсіп, іздеп, иіскеп кете береді. Бізде де тура солай. Бір нәрсенің иісін сезіп алсақ, соның ізіне түсіп кетеміз.

Мына теңеуіңізді әріптестеріңіз естісе, әбден ренжуі мүмкін...

Ренжісе, ренжи берсін. Шын журналистер - иттер. Иттің функциясы үру және қорғау. Дұшпандардан елімізді қорғауымыз керек. Жамандық пен әділетсіздікті көрсек, үруіміз керек.

 

Жалғасы бар...

Cұхбаттасқан: Жанна Мәлік

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр