Диетолог құлпынайдың зиян екенін айтты
Ресейлік диетолог Ольга Кораблева кейбір адамдар үшін құлпынайдың зиян екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, құлпынай тамақ аллергиясын тудыруы мүмкін, әсіресе егер адамда асқазан-ішек жолдары проблемасы болса.
"Ауыр жағдайларда анафилактикалық шок алуы да ықтимал", — деді Кораблева.
Маман балада аллергия болмауы үшін емізетін аналар мен жүкті әйелдерге құлпынай жемеуге кеңес берді. Балаларға да бұл жидекті бермеген дұрыс.
Ольга Кораблева құлпынайдан ауыр гастрит пен асқазан жарасы да пайда болатынын атап өтті. Өйткені, оның құрамында оксал қышқылы бар, деп түсіндіреді Кораблева.
Құлпынайды аш қарынға жеу де зиянды. Себебі, ол өте қышқыл жидек.
Диетолог құлпынайды негізгі тамақтан кейін десерт ретінде жеуді ұсынды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі