Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттыққа үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстары үшін бюджеттен қанша ақша бөлінеді - ОСК мүшесі айтты

Орталық сайлау комитеті кезектен тыс сайлауда Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджеттен бөлінетін шығындардың мөлшерін бекітті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлауалды бағдарламалармен БАҚ-та сөйлеуге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға арналған шығындары, сондай-ақ кандидаттардың ОСК белгілейтін мөлшердегі көлік шығындары жабылады. 

Алайда партиялық тізімдер бойынша үміткерлерге республикалық бюджет қаражаты бөлінбейді.

"Шығындардың мөлшері 950 000 теңге көлемінде белгіленеді. Оның ішінде бағдарламамен теледидар мен радиода сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспасөзде немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға – 450 000 теңге, іс-шаралар өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 300 000 теңге, жүріп-тұруға 200 000 теңге бөлінеді", – деді ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафина.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар үшін шығын мөлшері 550 00 теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде бағдарламамен теледидарда, радиода сөйлеуге, мерзімді баспа немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға 350 00 теңге, сайлау алдындағы іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 130 000 теңге және көлікпен жүріп-тұруға 70 000 теңге бөлінеді.

Қалалық мәслихаттарға кандидаттар үшін 350 000 теңге мөлшерінде бекітілді. Оның ішінде бағдарламамен теледидарда, радиода сөйлеуге, мерзімді баспа немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға 200 00 теңге, сайлау алдындағы іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 100 000 теңге және 50 000 теңге көлікпен жүруге бөлінді.

Талқылау