COVID-19-дан қауіпті: ДДҰ маймыл шешек пандемиясын бастауды жоспарлап отыр деген ақпарат қаншалықты рас?
Желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік экономикалық форум кезекті COVID-19-дан кейін енді маймыл шешек пандемиясын бастамақ деген ақпар тарады. Бірақ Stopfake.kz бұл деректің ешқандайда шындыққа жанаспайтынын жазуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан да толқыны өте ауыр болатын пандемия дайындап жатқаны туралы ақпарат тараған. Тіпті деректе бұл “маймыл шешегі” болатыны түсіндіріліпті. Хабарлама авторының айтуынша, ауру әлдеқайда қауіпті, әрі адамдар бұған қырағы болуы керек.
“Десе де бұл ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. Мұның бәрі жалған. Таралған ақпарат COVID-19 пандемиясы адамзатты құлдыққа айналдыру үшін белгілі бір әлемдік элиталар ойлап тапқан ауру деген жалған теорияға негізделген. Өкінішке орай, мұндай ауру бар. Оның салдарынан алты миллионнан астам адам қайтыс болды”, - делінген сайт жазбасында.

Фото: Stopfake.kz
Сонымен қатар маймыл шешегінің ошақтары әлемнің әртүрлі елдерінде мезгіл-мезгіл тіркелетіні де түсінідірілген. Соңғы рет 2022 жылы Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде таралған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары әлемдегі осы аурудың жағдайын әлі де қадағалауда. Науқастар мен қаза тапқандар саны туралы тұрақты есептер ұйымның сайтында жарияланады. Ең соңғы мәліметтер 2023 жылғы 26 мамырда жарияланған. Онда әлемде ауру жұқтырғандардың жалпы саны азайып бара жатқаны және шешекке қарсы қазіргі вакциналар аурудың ауыр ағымы мен өлімнің алдын алудың тиімді жол екені айтылады.
Жалпы, ДДҰ мен ДЭФ жалған пандемия ұйымдастыруды жоспарлап отыр деген теория конспирологиялық болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
