Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әрбіріңді бес-ақ минутта тауып аламын": Қызды ұрып соққан бұзақыларға қатысты желі қолданушысы пікір білдірді (видео)

Белгілі тиктокер жеті қыздан қашпақ болып, екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен 20 жастағы бойжеткеннің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "НеМолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің  Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желі қоланушысы, мұндай “абушка”, “бандитка” боп жүргендерге неге ешқандай шара қолданылмайтынын айтты. 

“Қыз зорлық-зомбылықтан қашу үшін терезеден секіріп кеткен. Алайда бұл іс қарқын алмай отыр. Бұл тақырыпты ешкім көтермейді. Резонанс жоқ. Қызды ұрып соққандарға, “абушка”, “бандитка” боп жүргендерге неге ешқандай шара қолданбайды? Түсіне алар емеспін! Мен барлығын аяққа тұрғызамын. Мен барлық жаңалықтар порталын, барлық таныстарымды көтеремін. Бұл іс жабылмайды. 

Бір қызығы, жарты абушканы ұстап берген мен. Олар өздері маған Instagram-нан жазады “сен қайдан біліп қойдың?” деп. Қалай бар солай айтайын. Әжетханада ұрып жатқан видеоны кім жіберді, деп ойлайсыңдар. Оны түсіріп тұрған қыздарыңның өздері жіберді маған. Бандитка болып жүргендер өз араларыңда жүрген қыздардың әрқайсымен байланыстамын мен. Сендердің не істеп жүргендеріңді маған айтып отырады. Кімнің, қайда жұмыс істейтініне дейін білемін”, – деді ол. 

Сондай-ақ, ол мұндай “бандиткаларды” полицияға бес-ақ минуттың ішінде тауып, ұстатып бере алатынын айтты. 

"Алдында орын алған оқиға естеріңде ме? Жеті қыз бір қызды ұрып кеткен кез. Полиция сол қыздарды үш күн іздеп таппады. Маған араларыңдағы бір қыз жазды. Мен бес минутта тауып бердім. Қыздың мамасы маған рахмет айтқан сол кезде. Әрбіріңді дәл солай бес-ақ минутта тауып бере аламын. 
Бір өкініштісі осындай салмақты істер жабылып жатыр. Не үшін жабылып жатыр? Ешқандай жауап та, түсіндірме де жоқ. Бұл өте маңызды тақырып. Бұл - абсурд.

Басқа қызды ренжітіп жатса, мен қарап тұра алмаймын. Менің де шешем, сіңлілерім бар. Сіңлілеріме біреу бірдеңе десе қопарып кетемін ана жақты. Сіздер адамгершіліктің әлі де сәнде екенін түсінулеріңіз керек. Ал сендердің жүрістерің - абсурд. Бұл деградация. Бұл сұмдық”, –  деді ол. 

Еске сала кетейік, Алматыда 20 жастағы бойжеткен екінші қабаттың терезесінен секіріп, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Ол өзін пәтерге кіргізіп, ұрып-соққан жеті қыздан қашпақ болған. Сондай-ақ олар бойжеткеннен ақша талап етіп, одани қалса жігіттерге жыныстық құлдыққа сататынын айтып қорқытқан.

Талқылау