БҚО-да Қазпоштаның екі қызметкері 37 млн ақша ұрлаған
Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті "Қазпочта" АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкері ЖШС-лардың бірінің шотына өткізілген ақшаны 4 жыл бойы ұрлап келгенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, ұрланған қаржының жалпы сомасы 37 миллион теңгеден асады.
Сонымен қатар, олар 2013-2020 жылдар ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн. теңгедан астам қаражатын иемденіп алған.
"Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды