Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды
Коронавирустық инфекциядан емделіп жатқан кезде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қазақстан Lенсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр: Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының кестесіне сәйкес, үш вице-министр Елжан Біртанов толық сауыққанға дейін күн сайын Денсаулық сақтау министрінің міндетін кезекпен атқаратын болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, 14 маусымда Біртанов коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланған болатын. Симптомдардың пайда болуына байланысты министр инфекциялық ауруханаға жатқызылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"