Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір айда 9 ота жасады": Нұр-Сұлтан тұрғыны әпкесінің өліміне дәрігерлер кінәлауда

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өт қабына тас байлануы диагнозымен ауруханаға барған, алайда жақындары ауруханадан оның мәйітін алып қайтқан. Туыстарының айтуынша, әйелге бір айда 9 рет ота жасалған. Ал өліміне дәрігерлердің қателігі себеп болуы мүмкін дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

үстел

Айжан Күлмырзаева жақында туған әпкесін жерлеген. 35 жастағы Динара тіс дәрігері болып жұмыс істепті. Ауруханаға сәуір айының соңында өт қабына тас байлануы диагнозымен түскен. Алайда оған бір айда тоғыз рет ота жасапты. Нәтижесінде жүрегі шыдамай, қайтыс болған. 

"Үйінен кетер кезде төсек-орнын реттеп кетті, себебі қайтып келемін деп ойлады. Ауруханадан қайтқанда барлығы таза болып тұрғанын қалады. Жағдайы соншалықты ауыр болды деп айта алмаймын", – дейді Айжан Күлмырзаева. 

Айжан әпкесін құтқарып қалу мүмкін болды деп есептейді. Дәрігерлер әйелдің жағдайы ауырлап кеткенін айтқан, бірақ 1 ай бойы туыстарын оған кіргізбей қойған. Тек арасында ғана бейнеқоңырау арқылы сөйлесуге рұқсат берген. Динара туыстары мен өзіне толық ақпарат ұсынбады дейді. 

"Біз сұрадық, айқайладық, бір нәрсенің дұрыс емес екенін байқап, көмектесуді өтіндік. Олар маған дүйсенбіге дейін бақылаймыз деді. Бастапқы кезеңнен бақылау тәжірибесін таңдаған. Мен жағдайды өзгерту мүмкіндігі болғанына сенімдімін", – деп қосты ол. 

Ал ауруханадағылар бұл жағдай бойынша қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді. Олар отаны емдеу және тексеру хаттамаға сай жүргізгенін алға тартты. Алайда мұндай диагнозбен түскендер арасында көз жұматындар болатынын жасырмады. 

"Шұғыл араласудың бұл түрі дәрігер қателігі емес және әлемдік тәжірибеде де қолданылып келеді. Егер асқынып кетсе, мұндай дертке шалдыққандардың 9,8%-ы мерт болады", – деді Нұр-Сұлтан әкімдігі №2 қалалық көпсалалы ауруханасындағылар.

Алайда қайғыдан қан жұтқан әйел кінәлілер жазаға тартылады деп үміттенеді. Қазір ол отбасындағы қайғылы жағдаймен әлеуметтік желіде бөліскен. 

Талқылау