Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байланыстың жаңа форматы - 5J!

Ілгерінді қарқын алу үшін соңғы технологиялармен қатар, жаңа пайымдағы  философия да қажет. Ол біздің әдетке айналған дағдыларымызды өзгерте алуы тиіс. Мысалы, бірнеше мәселенің шешімі смартфон экранындағы бір ғана Jusan белгісі болғанына қалай қарайсыз?! Онда қаржылық қызметтер, маркетплейс, тіпті Қазақстандағы бірінші виртуалды мобильді оператор Jusan Mobile да бар! 

1J — Бірінші виртуалды

Jusan Mobile мобильді байланыс және интернет – Jusan экожүйесіндегі кезекті бірегей өнім. Басқа мобильді операторлар сияқты Jusan өзінің клиенттері-абоненттеріне ұялы байланыс, мобильді интернет, sms-хабарламалармен алмасу, роумингтер ұсынады. Жан-жақты ойластырылған бұл жүйенің басты артықшылығы – сервистер арасында өзара алмасу да бар. 

2J — 2 карта алыңыз

Қосылу үшін  Jusan мобильді қосымшасын орнатсаңыз жеткілікті, ол жерден жеке шот ашып, sim және төлем картасына тапсырыс бересіз. Курьер оларды қалауыңыз бойынша  үйіңізге немесе офиске жеткізіп береді! Айта кету керек, өзіңіздің басқа мобильді оператордағы нөміріңізбен қосылуға немесе жаңа нөмірге тапсырыс беруге болады.

3J — Үш еселенген пайда

Жүйе ішінде сізді бонустар күтетін болады! Барлық жаңа абоненттерге – бірінші ай тегін, ең бастысы – балансты Jusan картасымен толықтырғанда жалпы бонустық шотыңызға 15  пайыз бонус түседі, ал егер сіздің бір айдағы Jusan картасымен жасаған саудаңыздың сомасы  50 000 теңгеден асатын болса, онда сіздің келесі айдағы байланыс тарифіңіз 0 теңге болады! Әрине, сондай-ақ сіз өзіңіздің "әңгімелесу" ерекшелігіңізге бейімдей отырып тариф құрамын да (минуттар/ГБ/sms) өзгерте аласыз. 

4J — төрткүл дүниеге тараған

 Ковидпен әлі қош айтыспағанымызға қарамастан, ауылдан алты қадам аттап шығуға шек қоймадық, сондықтан да жақындарымыз және серіктестерімізбен халықаралық байланыс мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ. Jusan Mobile роумингте  өз клиенттеріне тиімді интернет-топтамалар ұсынады, өйткені мессенджерлер арқылы сөйлесу стандартты телефон желісіне қарағанда анағұрлым арзан.

5J — Jusan Mobile –5 әкел! 

Jusan экожүйесінде "өзіндік атмосфера" қалыптасқан! Jusan ұсынған барлық 5 онлайн-сервис – онлайн-банкинг, Jusan қосымшасы, Jusan сайты, Jpost –интернет-трафикті қажет етпейді және теңгерім нөлде болғанның өзінде қолжетімді.

Тариф төленген кезде сіздің гигабайттарыңыз жұмсалмайды және  WhatsApp қолданысы сақталады. Егер сіз теңгерімді уақтылы толтыруды ұмытып кеткен болсаңыз және/немесе Jusan мобильді қосымшасында автотөлем жасауды орнатпасаңыз, байланыссыз қалудың алдын алу үшін сізге міндетті түрде push-хабарлама келеді. 

Барлық мәселені байланыс шешеді

Jusan Mobile-дан 5J – бұл қаржыны және байланысатын тұлғаларды басқарудың бірыңғай жүйесі. Жарыңызға қоңырау шалу, балаға ақша жіберу, WhatsApp-пен отбасылық әңгіме-дүкен құру немесе ата-анаңыздың мерейтойына Jusan Дүкенінен   сыйлыққа тапсырыс беру үшін  Jusan экожүйесі сізге уақытты да, ақшаны да табуға мүмкіндік береді! Бұл философия сізге ұнады ма?!

Талқылау