Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова: Бізде қыздардың 99%-і тұрмысқа пәк болып шықпайды

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова ата-аналарды балаларын жыныстық сауаттылыққа үйретуге шақырды. Мұнымен қатар, ол жауапкершіліктің тек қыздарға артылатынымен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.

Баян АлагөзоваСурет: instagram.com/aissaulebakytbek

«Қазақстанда жыныстық қатынас – мүлдем жабық тақырып. Барлығы тұрмысқа пәк болып шығады деген стандарт бар. Солай ма? Жоқ, бар болғаны солай деп ойлайды. Сөзіме сеніңіздер. Бізде қыздардың 99%-і тұрмысқа пәк болып шықпайды. Тіпті, олардың 50%-і тұрмысқа шыққанға дейін түсік жасатып үлгереді», - дейді продюсер. 

Әрі қарай ол қазақстандықтар үшін қорқынышты деген статистиканы келтірді. Айтуынша, мұны өзінен басқа біреудің айтуына батылы жетпейді. 

«Қазақстан балалар түсігі бойынша әлемде шамамен үшінші орынға жақындайды. Бұл туралы айтып отырған жалғыз адам мен шығармын. Ата-аналар, балаларыңыздың жыныстық сауаттылығын арттырыңыздар. Жетімдер үйіне түсуі мүмкін келер ұрпақты аяңыздар. Менің оларға жаным ашиды», - дейді Баян Алагөзова. 

Мұнымен қатар ол қазақ қоғамының бар жауапкершілікті қыз балаға артып қоятынымен келіспейтінін жеткізді. 


Баян Алагөзованың қызы мен күйеу баласы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылды >>>
Талқылау