Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларымыздың денсаулығындағы кінәраттың себебі неде?

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері жергілікті оқушылардың денсаулығын бақылап, өз тұжырымдарын жасады. Жүргізілген тексерістен кейін балалар арасында көз көруінің нашарлауы, ас қорыту мүшелерінің және сүйек-бұлшық ет жүйеісінің аурулары кең таралғаны анықталды. Балаларымыздың денсаулығындағы кінәраттың себебі неде?

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

36 жастағы Светлана Бөрікбаева – екі баланың анасы және офтальмолог дәрігер. Ол смартфондар мен планшеттердің балалардың көзіне әсері туралы жақсы біледі. Гаджеттер өте қауіпті көк спектр таратады. Ал балалардың көзі, ересектердікіне қарағанда, 10 есе артық сәулеге шалдығады. Себебі балалардың көзіндегі мүйізгек қабығы мен көз жанары сәулеге тиісті түрде кедергі жасай алмайды.

«Ең болмағанда жарты жылда бір рет офтальмолог дәрігерге қаралу керек. Сонымен қатар қорғаныс қабаты бар компьютерге арналған көзәйнек тағу керек», – дейді екі баланың анасы, офтальмолог Светлана Бөрікбаева.

Шығыс Қазақстандағы әрбір 4 оқушының біреуінің көзі нашар көреді. Ал ас қорыту мүшелерінің ауруы тексерістен өткен балалардың 17 пайызында кездеседі. Мамандардың сөзінше, оның себебі мектеп асханасында емес, мектеп маңындағы дүкендерде. Ол жерден балалар түрлі газды сусындар  мен қытырлақ картоп сатып алады.

«Балалар «Кока-кола», «Пепси кола» сынды газдалған сусынды көп ішеді. Сонымен қатар қытырлақ картоп пен «Кириешкиді» жиі тұтынады. Баланың өсіп келе жатқан организмі үшін, мұндай тағамдарды жиі тұтыну дұрыс емес», – дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лиля Нұртаева.

Дәрігерлер ата-аналарға балаларының зиянды тағам тұтынуын шектеуге кеңес береді. Оның үстіне, барлық мектеп асханаларында бағасы 350 теңгеден аспайтын ыстық тамақ қаралған.

«Балалармен, ата-аналармен кездесіп, дұрыс тамақтану туралы түсіндіреміз», – дейді Өскемен қаласындағы №9 орта мектебінің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Арман Кәкішева.

Егер оқушылар мектепте берілетн түскі астың дәміне шағымданса, балаға өзімен бірге тамақ беріп жіберген жөн. Ал сүйек-бұлшық ет жүйесі ауруларына тоқталсақ, тексерілген өткен оқушылардың 13 пайызы аталған аурулардан зардап шегеді. Бүгінде балалар тез жетілуде, сондықтан ішкі ағзалары сүйек жүйесінің өсу қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар барлық оқушының ерекшелігіне сәйкес келмейтін мектеп парталары мен ауыр оқулықтар салмағының әсері де жоқ емес.

Оқи отырыңыз:

Facebook негізін қалаушылардың бірі: Әлеуметтік желілер – миымызға зиян

Ғалымдар: Мысықтар балалардың демікпе ауруына шалдығуының алдын алады

Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек

Фарида Жолдасова армандаған махаббаты туралы бар сырын айтты

Талқылау