Айдана Меденова фанаттарына ерекше тосын-сый әзірледі
«Найнти уан» тобында «Иглз», «Блэк дайл» бойзбендінде «Рэйванс»! Отандық шоу-бизнестегі кью-поперлердің фан-домы дәл осылай аталады. Алайда, «91-дің» бастамасы өзге әріптестерін де бей-жай қалдырмаған көрінеді. Мәселен, әнші Меденова «Айданаторлар» деп аталатын жанкүйлерлерін жанына жинауға ниетті.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Бүгінде Айдананың инстаграмына тіркелген 2 миллионға жуық оқырман әншінің әр постын жіті бақылап, күнделікті жаңалықтарынан хабардар болып отырады. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Меденованың атымен, жүзге жуық фан-парақшалар ашылған. Алайда, Айдана өз жанкүйерінің армиясын жеке әнші ретінде жасақтады десеңіз, қателесесіз!
“Кешью кезінде көп фанаттар жиналды. Олардың өздерінінің аттары бар. «Айданаторы» деп аталады. Ол 5 жыл бұрын болған. Бірақ ,енді мен жақында ғана айтып бастадым. Өйткені, қазір сондай мода, тренд болып кетті ғой. Сондықтан оларға обидно болмасын деп, оларды айтып қоямын”, – дейді Айдана Меденова.
Иә, енді Айдана айтқан сөзін іс жүзінде жүзеге асырмақ. Жуырда Меденова адал жанкүйерлерін жанына жиып, «Айданаторлармен» әңгіме-дүкен құруға ниетті.
“Фан-митинг деген бар. Енді оған жету керек қой бірінші. Біз айданаторларды көрсеттік қой. Енді фан-митинг болуы керек. Концерттен кейін қыздар келіп тұрады. Өздерінің хаттарын беріп, сыйлықтарын беріп. Күшті енді, кішкентай әдемі қыздар, 15-16 жастағы”, – дейді Айдана.
Отандық шоу-бизнесте 10 жылдық ғұмыры бар «Ринго» тобы, осы уақыт ішінде ресми түрде фан-домға ат қойып, жанкүйерлеріне айдар тағып көрмеген. Бірақ, бойзбендң тыңдармандарының басым көпшілігі, Елордамызда шоғырланған көрінеді.
“Астаналық табынушыларының фан-домының атауы «Рингелз!» Олар өздері де келіп алып кәдімгідей плакаттарын көтеріп алып «Рингелз, рингелз…» деп айғайлайды. Сол өте қызық болатын. Әлі күнге дейін келіп жүреді. Әлі күнге дейін сол қағаздарын, плакаттарын тастамайды”, – дейді «Rin’Go» тобының әншісі Аян Бірбаев.
Жіберіп алмаңыз:
Ғаділбек Жаңайдың ғашықтарға арнаған бейнебаяны көптің жүрегін елжіретті (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс
Жеңіс Ысқақова: Күйеуіме сырттан бала тапқызуға рұқсат бермеймін
Әбдіжаппар Әлқожа жеке концертінің билеттерін тегін таратуда (видео)