Атырауда бір топ жігіт полиция қызметкерлерін соққыға жықты (видео)
Фото: Видеодан скрин
Мақат ауданында бір топ жігіт полиция қзыметкерлеріне шабуыл жасап, салдарынан тәртіп сақшылары зардап шекті. Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлады.
“Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті”, – деп мәлімдеді ведомство.
Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген