Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар енді жаңаша өмір сүреді: 1 маусымнан бастап жұмыс уақыттары өзгермек

ЭКСПО қарсаңында және қаладағы кептелісті азайту мақсатында Астана қаласындағы ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыттары өзгертілмек.

2123389

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қалалық жолаушылар транспорты басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиевтің айтуынша, ЭКСПО қарсаңында елордада көлік шектен тыс артып, жол қауіпсіздігі мен ондағы кептеліске қосымша жүк артылмақ. Сол себепті астаналықтардың жұмыс графигін өзгерту қарастырылып отыр екен.

“Құрылыс мекемелері таңғы 9-дан 7-ге, өндіріс және өнеркәсіп секторларымен бірге коммуналдық қызметтер 9-дан 7:30-ға, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен қаржылық институттар 9-дан таңғы 10:00-ге, сауда ойын-сауық орталықтары 10:00-ден 10:30-ға, ұлттық компаниялар 9:00-ден 9:30-ға ауыстыру ұсынылып отыр. Бұл өзгерістер 1 маусынан басталмақ”, – деді Игенбердиев.

Оның сөзінше, сонымен қатар жергілікті басқару органдары 9-дан 8:30-ға, жоғарғы оқу орындары 8-ден 10:00-ге ауыстырылмақ. Бұл ретте құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, құтқару қызметтері, білім беру мекемелері, балабақшалардың уақыты өзгеріссіз қалады.

Игенбердиев бұл уақыт өзгерістерінің ЭКСПО аяқталғаннан кейін де осы күйінде қалатынын ескертті.

“Бұл республикаға қатысты емес, тек біздің қала ғана. Жуырда Алматыда осы бағытты ұстанады деп ойлаймын. Кімнің қалай істейтінін көріп, үздік тәжірибені алуға тырысамыз. Ең бастысы бұл кептелісі көп қалалар үшін пайдалы”, – деді басқарма басшысы.

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

Қазақстандық бақытты жұп отбасылық қиындықтарын қалай шешетіндерін айтты

Бойжеткен сөйлесе бастаған жігіттерінің бірден басқаға үйленіп кете беретініне алаңдаулы

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Талқылау