Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мен Алматы әлемдегі ең арзан көлік тұрағы бар қалалар тізіміне енді

Қазақстанның алпауыт шаһарында күндіз көлік қоятын орын табу қаншалықты қиын екенін кез келген жүргізуші біледі. Ал тапсаңыз, сағатына 100 теңгеге дейін төлеуге тура келеді. Тұрғындар Нью-Йоркте бір сағаттық тұрақ үшін 100 есе көп ақша төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Тіпті ТМД елдерінің астаналарында бір сағат тұрақ орны бізден қарағанда әжептәуір қымбат. Мысалы, Бішкекте №1 аймақта (қала орталығы) автотұрақтың бірінші сағаты 30 сом, одан кейінгі сағаттары – 10 сом. Орталықтан сәл алыс жерде тұрақ 20 сом, одан әрі – 15 сом тұрады.

Ал Минскіде 60-тан астам муниципалды тұрақ бар. Құны барлық жерде стандартты – сағатына 1 Беларусь рублі.  Ереванда қала орталығында сағаттық төлем – 300 драм. Егер көлікті бір күнге қалдырсаңыз, сома 83 драмға дейін төмендейді.

Parkopedia порталының мәліметінше, Америкада ең қымбат автотұрақ тіркелген. Сайт 90 елдің 20 000 қаласында 90 миллионнан астам автотұрақ орындарын қадағалайды. Мысалы, қаладан тыс жердегі екі сағаттық тұрақ Нью-Йоркте ең қымбат бағада беріледі: 43,1 доллар.

Осылайша, Қазақстандағы орташа айлық жалақы (382 279 теңге) Нью-Йоркте 40 сағат тұраққа төлеуге жетеді. Ал Лондон 8-орынды еншіледі. Токио, Амстердам, Осло, Парижде бір сағат тұрақ 11 доллардан 13 долларға дейін тұрады.



Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылдан бері көліктердің саны 12,5 есе көбейді. 1 мамырда ішкі істер министрлігінің бірыңғай деректер базасында 9 813 электромобиль тіркелді. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Қазақстанның электр көліктерінің аккумуляторларын қайта өңдеуді қалай жоспарлап отырғанын айтып берді. Оның айтуынша, бұл үшін арнайы зауыт салынады.

Талқылау