Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Асанәлі Әшімовтің "өкіл қызы" аяқ астынан өзгерген тағдыры туралы айтты

Ананың ардақты образын сомдау арқылы театр тарланы Райымбек Сейтметовтың шәкірті атанып, өнерімен Асанәлі Әшімовті мойындатқан түркістандық өнерпаз Салтанат Қырқынбекова тағдырының күтпеген жерден өзгеруі, болашақ жарына өзін алып қашуға рұқсат бергені, қос егіздің анасы атануы туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сұқбат берді. 

Түркістанда көпбалалы педагогтар отбасында туып өскен талант иесі А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, 1999 жылы «Драма театр және кино актері» мамандығын тәмамдаған. 

- Төртінші курстың аяғында Мұхтар Әуезовтің әйгілі трагедияларының бірі - «Қарагөздегі» Маржанның рөлін сомдау бұйырды. Бұл дипломды қорғау жұмысым болатын. Комиссия мүшесінің қатарында отырып, қойылымды тамашалаған Халық әртісі Асанәлі Әшімов ағамыз өз дәрежесінде өнер көрсеттің деп бес емес, жеті деген баға қойған. Ақ батасын алып, менің өкіл әкем болатынын айтты. Ата-анамды қайтарып жіберген едім. Олармен танысудың сәті түспеді, - деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.

Диплом алып, маман атанған Салтанат Қырқынбекова сол жылдың қараша айында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Халық әртісі, профессор Райымбек Сейтметов бастаған құраммен Түркияға баруы тиіс болған. Алайда Салтанат Тастанбекқызы төл құжатын үйінде ұмытып, құрамнан қалып қояды.


Мақсат Толықбай: Зиялы қауым сияқты көзімді жұмып, көрпенің астында бұғып жата алмаймын >>>

- Сол кездегі санаулы минут өмірімді түбегейлі өзгертті. Тіркеуге үлгермегенім үшін өзіме қатты ренжідім. Режиссер Ташкент арқылы қайта тіркеліп, бірге барамыз дегенде қырсығып тұрып алдым. Шынымды айтсам, негізгі құрамда соншама дайындалып, қалып кетемін деген ой болмады. Жатақханаға қайтып келіп, жылап жатып алдым. Ешнәрсеге зауқым болмай жүрген еді. Бірнеше күн бұрын үйімізге бір жігіт келіп, мені сырттай қарап кеткен. Жатақханада жатсам, іздеп келіпті. Содан жақын жердегі мейрамханаға бардық. Ә дегеннен әңгімеміз де жараса кетті. Ол жігітпен екінші рет жолығуым. Жігіттің үй-жайы, жұмысы, отбасын сұрап жатпай, сол күні-ақ алып қашуына келістім. Осылайша бір-ақ сәтте ақ орамал киіп келін атандым, - деп кейіпкеріміз 20 жыл бұрынғы оқиғаны еске алды.

Дегенмен, бүгінге дейін 4 қыз, 2 ұлды дүниеге әкелген батыр ана мамандығына адал болып, өнер жолынан алыстамады. Алғаш ашылғаннан Түркістан қаласының сазды-драма театрының әртісі болып қызмет етсе, 2002 жылдан бастап өзі оқыған университетте «сахна тілінен» дәріс береді. 

- Жолдасым екеуіміз Құдайдың берген перзентін бағып-қағып өсіріп жатырмыз. Отбасыда егіз дүниеге келуі негізі нағашыларымның қанында бар. Анамның анасы егіз тапты, анам да Балжан және Бауыржан есімді ұл мен қызды дүниеге әкелді. Менде бір емес, екі егіз. Тұңғышымыз Шынар -студент. Үйдің қос кенжесі Нұрым мен Айым да мектеп табалдырығын аттағалы отыр,- дейді «Күміс алқа» иегері.


Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші жұбайымен бірге Сингапурда демалып жатыр >>>

Өнер иесі тек актерлік шеберлігімен емес, дүйім жұртты сыңғырлаған үнімен де таң қалдырған. 

- Сахна мен үшін халықты тәрбиелейтін орын. Біз әрбір рөлді сомдау үшін бар ынтамызбен сезініп жеткізуге тырсамыз. Көрерменге күлдіріп, жылатып ой салу арқылы драматургтардың қағаз бетіне түсірген шығармасын көпшілікке жеткіземіз. Сөздің құдіретін, сахнаның киесін ұғынған халықпыз. Егер Түркістанға опера және балет театрын ашып, біз сияқты Райымбек Сейтметовтің көзін көрген шәкірттерін шақырса, қуана барар едім. Ал әншілікке келсек, дауысым - сопрано, арияларды орындап, кез-келген жанрда ән саламын, - дейді түркістандық өнер иесі.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...