Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші жұбайымен бірге Сингапурда демалып жатыр (фото)

Қазақ КСР-нің халық артисі, белгілі актер Асанәлі Әшімов отбасымен бірге шетелде демалыста жүр. 81 жастан асқан Әшімов жұбайымен бірге Сингапур елін аралауда, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші жұбайымен бірге Сингапурда демалып жатыр (фото)

Асанәлі Әшімовтің өзінен 34 жас кіші жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында демалыс кезінде түскен суреттерін жариялап, оқырмандарымен бөлісуде.

“Алла әрбір таңымызды көруге жазсын. Сингапур қаласы. Асекеңнің көңіл-күйінің жақсы болғаны, мені қанаттандырады. Әйел бақыты – ер азаматының тұсында деп ата бабаларымыз тауып айтқан ғой”, – деп бөлісті ол.

Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші жұбайымен бірге Сингапурда демалып жатыр (фото)

Сондай-ақ, Әшімовті өнердегі әкесі санайтын актер Азамат Сатыбалды отбасының демалысына қызығушылық танытып, олардың елге аман-есен оралуын тіледі.

“Асанәлі аға отбасымен Сингапурда. Жақсылап демалып және ем алып елге оралыңыздар. Бар жақсылықты тіледім. Асаналі аға менің өнердегі әкем ғой. Бағдат женге, Асанәлі ағаны осылай еркелетіп, бабын келтіріп, бағлан басын биікте ұстап жүргеніңіз үшін сізге Алла разы болсын. Адамдың ішін күйдірмей тез қайтыңыздар енді”, – дейді Азамат Сатыбалды.

Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші жұбайымен бірге Сингапурда демалып жатыр (фото)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау