Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасырынуға мәжбүрмін": Әнуар Нұрпейісов қазір қайда жүр

Танымал актер Әнуар Нұрпейісовтің әлеуметтік желідегі парақшаларында оның атынан жазылған жазба пайда болды. Алайда әзірге бұл жазбаны өзінің немесе аккаунтарының құпия сөзін білетін азаматтардың жазып-жазбағаны белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнуар Нүрпейісов

«Егер сіздер осы жазбаны оқып отырған болсаңыздар, бұл мен желідегі аккаунтарыма кіре алдым деген сөз. Қауіпсіздік мақсатында және менің дәл қазір қайда жүргенімді біліп алмауы үшін инстаграм мен фейсбук желісіне кіретін смартфонымды Алматыға қалдырып кетуге мәжбүр болдым. Сіздермен байланыс орнату үшін біраз еңбектенуіме тура келді. Денім сау, ешқандай жарақат алған жоқпын. Алайда 5 маусым күні көмектескен екі адам болмағанда менің жағдайым басқаша болуы мүмкін еді», - деді ол. 

Әрі қарай актер Қазақстаннан шекара асып кетпегенін және қазіргі тұрып жатқан жерін туыстарының да білмейтінін айтты. Мұнымен қатар, ол көпшіліктен өзін іздемеуді сұрады. 

«Мен Қазақстан аумағында қауіпсіз жерде жүрмін. Ол жер туралы, тіпті, менің ең жақын адамдарым да білмейді. Сол себепті менің өміріме «дұрыс емес қызығушылық» танытып отырғандардан бұл әрекетін тоқтатуды сұраймын. Жақындарым мен достарым! Дәл қазір мен өзімнің мессенджерлеріме кіре алмаймын отырмын. Сол себепті жақын уақытта мен сіздермен ешқандай байланысқа шыға алмаймын», - деді Әнуар Нұрпейісов. 

Сондай-ақ, актер бизнес серіктестерімен де байланысқа шыға алмай отырғанын айтты. Десе де, араға ұзақ уақыт салып та олармен жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді. 

«Құрметті, менің аудиториям! Менің желіде көрінбей кеткенім үшін алаңдағандарыңызға басымды иемін. Бірақ, сөзіме сеніңіздер, менде байланысқа шығудың басқа мүмкіндігі болмады.

Мені іздеп, шындықты анықтауға тырысқандарыңызды ерекше бағалаймын. Енді мені қиындықта қалдырмайтындарыңызға толықтай сенімдімін. Менің бостандығым мен өміріме қандай да бір қауіп төнсе, бұл туралы сіздер тез арада білетін боласыздар», - деді ол.

Сөз соңында актер неліктен мұндай қадамға барғанын алдағы жазбаларында бөлісетінін жеткізді. Бүгінде құстардың әнімен оянып жатқаны үшін бақытты екенін айтты. 

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі жазбаны Нұрпейісовтің өзі жазғанына сенбейтінін айтса, екіншілері бұл хабарды естіп қуанып қалғанын жеткізді. 


"Зираттан тірі шықты": Қазақстандықтың суреті әлемдік БАҚ-тың назарында >>>
Талқылау