Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Зираттан тірі шықты": Қазақстандықтың суреті әлемдік БАҚ-тың назарында

Псориаздан зардап шеккен Ақтөбе тұрғынының фотосуреттері ойдан шығарылған жаңалықтар үшін пайдаланылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеп.

Ақтөбелік адам әуелі Сочинск зиратындағы табыттан тірі табылды деп хабарланған еді. Бұл ақпаратты теріске шығарғаннан кейін бірқатар БАҚ өкілдері суреттегі кейіпкер аюлы алқапта бір ай өткізгеннен кейін аман қалды деген жаңалықты жариялады.

Журналистер Ақтөбе қаласындағы аурухананың дәрігерімен байланысқа шығып, мән-жайды сұрауға мүкіндік алған. Медиктердің айтуынша, 41 жасар Александр псориаздың ауыр түрімен ауырады. Ол аурыра бастаған соң, оның анасы ауруханаға жатқызуды талап еткен.

Басылымның ақпараты бойынша, ер адамның видеосын санитарлар бір-біріне жіберген. Қазіргі уақытта ауруханадағы пациенттің бейнесі бар видеолар БАҚ-қа қалай түскені анықталуда.

Аурухананың бас дәрігері Рустам Исаевтың айтуынша, Александр депрессияға түскен: оның апатиясы мен өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлары болған. Дәрігерлер апта соңында ер адамның жағдайы бір қаалыпты десе де, оның туыстары интернетте пайда болған кадрларға наразылық білдіруде.


Ол туралы шетелдік БАҚ жарыса жазған еді: Алматылық рэпер әжей көз жұмды >>>
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр