Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті
Танымал әнші Асқар Жүнісбековтің әкесінің дүние салғанын “Жігіттер” тобының мүшесі Ердос Қанаев айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/askar__tau/
Айта кетейік, Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков, Ердос Қанаев – бір ауылдан шыққан өнер адамдары.
“Құрметті ағайын! Асқартау ұлдарыңыздың асқартау әкесі Раббысына қайтты🥹
Алла алдынан жарылқасын. Еркін, Асқар үшеуміз бір ауылда туып өскен соң ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты. Жаным, Асекем. Қайғыңызға ортақпын. Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәріміз де кетеді екенбіз. Өйткені біз Алладан келдік және Аллаға қайтушымыз”. – деп жазды өнер иесі.
-
"Арман екеуміз жылап қала бердік": Аша Матай отбасындағы ауыр қайғыны бөлісті
-
"10 жыл бойы үй мен аурухананың ортасында жүрдік": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды
Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне көңіл айтып, бекем болуын тілеп жатыр.
“Сабыр тілейміз”, “Мұрат көкеміз жақсы адам еді”, “Асқардың анасы да” жыл бұрын өмірден озған”, “Ораза айт кезінде дүние салыпты”, “Асқар – сүйікті әншім, әкесінің арты қайырлы болсын!” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, өнер иесі 6 айлық болып дүниеге келіп, шетінеп кеткен қызын есіне алғанын жазған едік.