Ерекше кемпірқосақ адамдарды тәнті етті (фото)
Табиғат пен сәулет ғимараттарын түсіретін фотограф Джон Энтвистл әлеуметтік желіге Нью-Джерси штатында орын алған аномальді кемпірқосақтың суретін жариялады. Ол сурет адамдарды таң қалдырып, НАСА байқауының жүлдегері атанды. Бұл туралы Энтвистл өзнің инстаграм парақшасында жазған.

«Мен жақын арада жүктеген суретке қатысты реакциға таң қалдым. Оны мың рет қайта жариялаған, ол туралы бірнеше басылымдар жазған, ал бүгін тіпті НАСА-ның «Күннің астрономиялық суреті» байқауын ұтып алды», – деп жазған өзінің постында.
Көптеген желі қолданушылары мұндай феномендік құбылысқа таң қалды. «Мен Нью-Джерсиде тұрғаныма 60 жыл болды, бірақ мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Керемет!», – деп жазған біреуі. «Қарғыс атқыр! Бұл тіпті ғажайып! Сіз сондай жолы болғышсыз», – деп басқалары таң қалғандарын жасырмады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге