Алматылық көкек ана, Бекболат Тілеуханның қарғысы, Ақжарқынның соты: Осы аптада қазақстандықтардың жиі талқылаған жаңалықтары қандай
Алматыда жаңа туған сәбиді арыққа тастаған көкек ананың әрекеті көптің ашуын тудырды. Баласынан бас тартқан азаматшаны қандай жаза күтіп тұр? Қазіргі таңда даладан табылған бөбектің жағдайы қалай? Бекболат Тілеухан қарғысын қайтарып алды. Журналист жігітке ашуға толы аудиожазба жіберген халық қалаулысының бұл қадамына не түрткі болды? Биылғы оқу жылы онлайн форматта басталады. Асхат Аймағамбетов білім жүйесіндегі тың жаңалықтарды жеткізді. Қазақстанда карантин шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды. Тамыздың соңында қай нысандар жұмысын бастайды? Қытай түрмесіне тоғытылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Қазақ қызының ендігі тағдыры не болмақ? Осы аптаның айтулы ақпараттарын Stan.kz материалынан оқыңыз.
Алматыда жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен ананың әрекеті дүйім жұрттың жағасын ұстатты. Райымбек даңғылының бойындағы арықта жатқан шақалақты тұрғындардың бірі ойда-жоқта көріп қалған. Қазіргі таңа бөбектің жағдайы қалыпты. Ал, құзырлы орган өкілдері көкек ананы іздестіру үстінде.
Желіде Алматыда арықтан табылған баланы құтқарып жатқаны түсірілген видео таралды
Бекболат Тілеуханның аудиожазбасы соңғы аптада қызу талқылғанған тақырыптардың көшін бастап тұр. Халық қалаулысы өзіне сыни пікір білдірген журналист жігітке желі арқылы наласын жеткізген. Кейін Серік Боқан қателігін мойындап, кешірім сұраған-ды. Ал, депутат мырза қарғысын қайтарып алғанын айтты.
«Серік бауырым кешірім сұрады. Мен наламды қайтарып алдым. Алла Алашты алауыздықтан, ағайынды араздықтан сақтасын. Әңгіменің нүктесі – осы!» деп жазды Тілеухан Facebook парақшасында.
Биыл еліміздің білім және ғылым министрлігі онлайн режиммен басталатын оқу жылына қызу кірісіп кетті. Күні кеше Асхат Аймағамбетов қашықтан дәріс алу жүйесіне қатысты тың ақпараттармен бөлісті.
«Тамыз айының соңына қарай деректерге сәйкес, жалпы оқушылардың 80%-ы (2,6 млн оқушы) қашықтан оқытылады. 15%-ы (ата-аналар өтініштері бойынша) кезекші сыныптарға барады. Бұл деген 530 мың бала және 5%-ы дәстүрлі форматта оқитын болады. Шағын жинақты мектептерде оқитын балалар саны - 202 мың бала. Осындай форматта оқуды бастайын деп жатырмыз. Әрине, қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағыт - интернет арқылы оқыту. Интернет арқылы оқыту бойынша бізде арнайы бірнеше интернет платформа бар. Жалпы, өткен оқу жылының 4-тоқсанында бізде екі негізгі 2 интернет платформа болса, осы уақытта оған тағы 6 интернет платформа қосылып, 8 интернет платформа бар», - дейді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ, онлайн сабақ беру жүйесінде отандық екі телеарна 9 сағат бойы қызмет етеді. Аталған брифингте бас санитар Айжан Есмағамбетова дәстүрлі түрде дәріс алатын шағын мектептер мен кезекші сыныптардың оқушылары арасында короновирус анықталса, білім ошағы бірден жабылатынын жеткізсе, Асхат Аймағамбетов инфекция жұқтырған ұстаздарға өтемақы төленбейтінін айтты.
Қазақстанда тамыздың 17 күні карантиндегі қатаң шектеулер жеңілдетілен еді. Вице-министр Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комисся елдегі ережелерді жұмсартудың екінші кезеңін мақұлдаған. Осы айдың соңында бірнеше нысандардың жұмысы қайта жанданбақ.
- Діни объектілер
- Бассейндер
- Жаттығу залдары
- Спорт кешендері
- Мәдениет нысандары
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
- Қалаң маңындағы жолаушылар пойыздары, электр пойыздары және қалааралық шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
Ережелерді жеңілдетудің екінші кезеңі басталғанымен, санитарлық талаптарды естен шығармаған жөн.
Демалыс күндері Алматыда қандай нысандар жұмыс істемейді
«Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», - дейді үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов
Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты Қытайдағы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Күні кеше сотталуышының адвокаты дәл осындай тың ақпаратпен бөліскен. Естеріңізге сала кетейік, қазақ қызы 2014 жылы есірткі конрабандасы үшін ұсталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған еді. Қазіргі таңда қорғаушы тарап Ақжарқынды жазасын өтеу үшін Қазақстанға ауыстыру туралы мәселені қарастырып жатыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
