Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бассейндер мен мәдени нысандар ашылады: 31 тамыздан бастап карантин жеңілдетіледі

Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия нысандардың жұмысын жеңілдетудің екінші кезеңін мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті. 31 тамыздан бастап бірнеше нысандардың жұмысты қайта бастау туралы шешім қабылданды. 

"Жеке және ұжымдық іс-шаралар өткізбеген жағдайда діни мекемелерге, бассейндер, спорт залдар, спорт кешендері, мәдени нысандар, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қаларалық жолаушылар поездар мен автобустары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қызметтерін жалғастыратын болады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қызметін бастайтын барлық мекемелерде бір келушіге 5 шаршы метрден қарастырылуы шарт. Мәдени мекемелер 30 адамнан аспай, барлық сақтық ережелерін сақтайтын болса, қызметтерін жалғастырады. 

"Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі. Облыстардың әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігімен Атамекен кәсіпкер палатасымен бірлесіп, тұрғындар пайдалануға беріліп жатқан нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі керек", - деді Ералы Тоғжанов. 

Талқылау