Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері Алматыда қандай нысандар жұмыс істемейді

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері Алматыда қандай объектілер жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы

Айтуынша, демалыс күндері бұрынғыдай қоғамдық көлік жұмыс істемейді.

"Қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұл жағдайға қарай шешіледі. Жағдай мүмкіндік бергеннен кейін. Біз жұқпалы ауруларды, өлім-жітімді, сырқаттанушылықты, тіпті орындардың жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін бақылап отырмыз. Бұл көрсеткіштер төменгі деңгейге жеткен кезде, объектілердің басқа түрлері бойынша жеңілдету мәселелері шешіледі. Оның ішінде қоғамдық көлік те бар", - деді Бекшин.

Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин демалыс күндері тауға баруға тыйым салынатынын айтты.

"Тауларды ашқан кезде бізде нашар нәтижемен бетпе-бет келдік. Әр бұтақтың астында адамдар тамақ деп, артынан қоқыстары қалды. Бұл үлкен тәуекел. Сондықтан тауғашығуға рұқсат берілмейді", - деді ол.


"Егер жақсылықты түсінбесе, су мен жарықты өшіреміз": Алматы әкімі карантин талабын бұзушылар жайлы 


Сондай-ақ, шектеулер базарларға, салондарға, моншаларға және сауналарға қатысты болады.

"Базарлар жұмыс істемейді. Шаштараз салондары, моншалар, сауналар жұмыс істемейді. Қала тұрғындарына ерекше назар аударғым келеді, тек қатаң шаралардың арқасында ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткіздік.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде таратылатын митингілерге жол бермеу туралы ескерткім келеді. Жаппай іс-шаралар көп адам үшін жағдай жасайды. Сондықтан ұйымдастырушылар заңнамада қарастырылған жазаға тартылады", - деді қаланың бас дәрігері.

31 тамызда (дүйсенбі) мереке күніне шектеулер қолданыла ма деген сұраққа дәрігер шешім кейінірек жарияланады деп жауап берді.

"Мереке күндерін біз бұған дейін шектедік. Дүйсенбі күні қосымша шешім қабылданады", - деп түйіндеді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандар қызметіндегі жеңілдіктердің екінші кезеңі мақұлданды. Содан кейін қол жеткізілген оң нәтижені ескере отырып, ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап карантин әлсірейді деген шешім қабылданды.

Талқылау