Желіде Алматыда арықтан табылған баланы құтқарып жатқаны түсірілген видео таралды
Алматыда арықтан табылған баланы құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде таралған бейнежазбада жылап жатқан сәбидің даусы естіліп, бірнеше адамның оны іздеп жүргені байқалады.
"Жылап жатқан баланың даусын естідік, қолымызға сүлгі алып баланы іздей бастадық", - дейді куәгер.
"Нағыз батырлар. Нәрестенің өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет", - делінген жазбаның астында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда арықтан нәресте табылғаны айтылған еді. Қазіргі таңда баласын тастап кеткен көк ана іздестірілуде. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, дене қызуы қалпында.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”