Алматыда жүргіншіні көлікпен қағып кеткен азамат сол мезетте жан тапсырды
Алматылық азамат жаяу жүргіншіні қағып кетіп, артынша өзі жүрек талмасынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СТВ арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 14 қаңтар күні Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үй кешенінің ауласында орын алыпты.
Алматылық тұрғын көпқабатты үйлердің ауласында жаяу кетіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші жүрек ауруына шыдамағандықтан көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Нәтижесінде сол жерден өтіп бара жатқан адамды қағып өтіп, Volkswagen маркалы көлігімен барып ағашқа соғылған.
Жарақат алған жүргінші ауруханаға жеткізілген, 1959 жылғы жүргізушісі жүрек талмасының салдарынан сол мезетте жан тапсырған.
Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтауда.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды