Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеткізу қызметінің курьерлері наразылыққа шықты

Алматыда азық-түлік жеткізу қызметінің 50-ге жуық курьері ереуілге шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Наразылық акциясына Wolt жеткізу қызметінің курьерлері бастады. Олар компанияның кеңсесіне келіп, жақында болған өзгерістерге наразылықтарын білдірді. Курьерлердің айтуынша, жазғы кезең басталар алдында басшылық жеткізушілердің санын көбейтіп, басқа жұмысшылардың жалақысын қысқартып тастаған.

"Бірнеше күн бұрын компания қосымша курьерлерді жалдайтынын, сондықтан біздің жалақымызды 30-50 пайызға күрт төмендететінін айтты. Бізге алдын - ала ескертілмеді", - деді жиналғандар. Кейінірек Wolt бұл өзгерістер жақын және алыс қашықтықтағы тапсырыстар арасындағы кедергіні жоюға байланысты екенін хабарлады. Нәтижесінде кез-келген көлік түріндегі курьерлер үшін жалақы мөлшері теңестіріледі  деп атап өтті компания.

"Төлемнің ауысуы 12 пайыздан аспайды. Алайда, тапсырыстарды бөлу жүйесін оңтайландырудың, сондай-ақ соңғы үш аптада және жазда жаңа курьерлік серіктестерді жалдаудағы үзілістің арқасында жұмыс кезінде байқалмайды. Біздің есептеуімізше, wolt курьерлері сағатына 1400-2000 теңге табуды жалғастырады. Біздің барлық курьерлеріміз фрилансерлер болып табылады және ЖК немесе АҚС шарты бойынша жұмыс істейді. Сондықтан біз серіктес ретінде айына екі рет еңбекақы төлеу, сондай - ақ міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдары сияқты міндеттеріміздің орындалуын қатаң қадағалаймыз.

Курьерлермен алдын-ала келіссөздерге және олардың өзгеруге дайындығына қарамастан, біз өз тарапымыздан қарым-қатынасты жақсарту керек екенін түсінеміз. Қазіргі уақытта біз барлық серіктес курьерлермен диалогты орнатып жатырмыз. Біздің курьерлеріміздің түсініктемелері мен сұраулары тыңдалып, назарға алынды. 14 мамырда ағымдағы мәселелерді талқылау және бірлесіп шешім қабылдау үшін екіжақты пікірталас ұйымдастырылады", - деп хабарлады Wolt компаниясының баспасөз қызметі.

Талқылау