Алматыда жаңа шектеулер енгізілді
Алматыда жаңа шектеулер енгізіледі. Мұндай шешімді вице-премьер Ералы Тоғжанов пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың медициналық қауымдастығымен кездесуінде қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес қорытындысы бойынша Алматыда келесі шектеулерді енгізу туралы шешім қабылданды:
- қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80 пайызын қашықтан жұмыс режиміне көшіру;
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашу тоқтатыла тұрсын;
- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан, 19.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, 50-ден аспайтын отыратын орын толтырылған жағдайда қызметіне рұқсат ету;
- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;
- жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтай отырып, ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;
- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.
Айта кетсек, бас санитар дәрігер алдағы мерекелерді қалай тойлау керектігіне тоқталды.