"Мұсылманбысыз, пайғамбарыңыз кім?": Алматыда сабақ кезінде дінді насихаттаған мұғалім жазаға тартылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім дінді насихаттап, сабақ өткізгені жайында видео тарады. Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан алынған
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан “дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз, пайғамбарыңыз кім?” деген сияқты сұрақтар қойып жатқанын көруге болады.
Алматы қаласы Білім басқармасы видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілгенін мәлімдеді.
"Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады",- деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті