Алматыда мектеп оқушылары футбол турнирінде жаппай төбелес шығарды
Алматыда футбол турнирінде қала мектептерінің оқушылары жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ондаған жасөспірімнің бір-бірін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқиға Орбита шағын ауданында болғаны атап өтілді.
Қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Төбелеске қатысушылар тергеу үшін полицияға жеткізілді.
"Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен бірге істің мән-жайын анықтау үшін қатысушылар арасында жанжал туындаған футбол турнирінің ұйымдастырушылары полицияға шақырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"