Алматыда мәйітхана директоры ұсталды
Алматыда Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің «Қалалық патологиялық бюро» ШЖҚ КГП директоры Бақытжан Әлібеков ұсталды деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық прокуратурасы күдіктіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе ұстады.
Прокуратура Әлібеков кәсіпкерден 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Болжам бойынша, бұл ақша қалалық патоанатомиялық бюроның салынып жатқан ғимаратына медициналық техниканы жеткізуге қабылдау-тапсыру актілеріне қол қоюға арналған. Күдікті Алматыдағы тергеу абақтысына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, жазда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев осы жылдың соңына дейін қалада жаңа аурухана мен мәйітхана болатынын мәлімдеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді