Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің ісі тексеріледі
Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыру дерегі егжей-тегжейлі тексеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов мәлім етті.
"Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасындағы коронавирус жұқтыру жағдайынан соң менің тапсыруыммен ҚР денсаулық сақтау вице министрі Камалжан Надыров пен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысымен бірге "Көктем" шипажайында карантинде жатқан дәрігерлермен кездеседі. Барлық мәселе заң аясында шешіледі деген сенімдемін", - деп жазды министр өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Бұған дейін коронавирус жұқтырған дәрігерлердің президентке жазған хаты әлеуметтік желілерде пайда болды. Олар Алматының бас санитарлық дәрігерінің сөзіне шағымданды. Сонымен қатар, жағдайды дұрыс тексеруді сұрады.