Алматыда көлік жүргізушісі көшедегі жұмысшыны соғып, тұншықтырмақ болған
Алматыда көлік жүргізушісі көшедегі жұмысшыны соғып, тұншықтырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған. "Бассыздық. Адамдар үлкендерді де, өзгенің еңбегін де құрметтеуді қойды", - делінген видеода.
Кадрларға қарағанда, Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі жұмысшылардың жолды темір қоршаумен жауып тастағанына наразы. Көліктен түскен жас жігіт жұмысшылардың бірін тұншықтырып өлтірмек болып, жерге құлатқан. Содан кейін ол қарт адамды босатып, айғайлап, көлікке отырып, қоршауды бұзып өтіп кетіп қалады.
Алматы полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"