Алматыда 2 мамырда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады
Алматыда 2 мамырда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады. Порталда ата-аналар кешкі сағат 18:00-ден бастап өтініш бере алады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі мәліметіне сүйенсек, 26 сәуірден бастап үйірмелер мен секциялар иелері тегін қызмет көрсету үшін өтінім бере бастайды. Өтінім қарау және ваучерлерді бөлу мемлекеттік тапсырыс үшін қаржы көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.
“Сондай-ақ, биыл балалар спорты және шығармашылық саласында мемлекеттік тапсырысты іске асыру өкілеттігі аудан әкімдіктеріне берілген. Бұл заң бұзушылықтың алдын алып, кемшіліктерге жол бермейді”, делінген хабарламада.
Балаларды тегін үйірмеге беру www.damubala.kz жаңа порталы арқылы жүргізілмек.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды