Алматы зообағында амур жолбарыстарының үш шөнжігі дүниеге келді
Фото: instagram.com/almatyzoo
Алматы зообағында амур жолбарыстарының үш шөнжігі дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы зообағының мәліметінше, 11 қаңтарда амур жолбарыстарының жұбы – Бентли мен Яргидің үш шөнжігі дүниеге келген. Алғашқы апталарда олар аналарының қасында болып, күзет пен қамқорлыққа алынған. Көктемнің келуімен шөнжіктер вольерге шығып, белсенділіктерін арттыра бастаған.

Зообақ өкілдері кішкентай жолбарыстардың әлі сүтпен қоректенетінін, алайда қатты тағамға да қызығушылық танытып жүргендерін атап өтті.
Алматы зообағы қазақстандықтарды жаңа туған шөнжіктерге есім таңдауға көмектесуге шақырды.
“Үш күшік те – еркек. Олар қазір жетіліп, өсіп келеді. Енді сіздер кішкентай жолбарыстарымыздың әрқайсысына әдемі, ерекше есте сақталатын ат қоюларыңыз керек”, - делінген зообақтың желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын беретіні туралы жазған едік.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді