Алматы облысында 14 жастағы бала автобус жолаушыларын апаттан құтқарып қалды
Алматы облысында мектеп оқушысы автобус жолаушыларын апаттан құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысы Іле ауданында 8-сынып оқушысы автобус жүргізушісінің өзін нашар сезінгенін байқап қалып, қоғамдық көлікті тоқтатқан. Осылайша ол жолаушыларды апаттан құтқарып қалған.
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, автобус жүргізушісінің талмасы ұстап, көлік құралын басқара алмай қалған. Сол сәтте оқушы тез арада тежегішті басып, автобусты тоқтатқан.
Фото: instagram.com
Бүтін бір автобус жолаушыларын құтқарып қалған баланың есімі – Ақжол. Ол 24 лицейдің 8 "Е" сынып оқушысы.
Куәгерлердің айтуынша, ол жылдам әрекет етпегенде, автобус жақын жердегі ғимаратқа соғылуы мүмкін еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"