Алматы әуежайында қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталды
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ер адамның Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны екені анықталды.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен