Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайы жақын арада шетелдік компанияның иелігіне өтпек

Алматы халықаралық әуежайы келер жылдың қаңтар айынан бастап шетелдік компания иелігіне өтуі мүмкін. Бұл жайлы TAV Airports  түрі холдингі «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.  Келісім жасалды. Құжатқа қатысты барлық сұрақтар қаңтардың 15-не дейін шешіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Алматы әуежайы жақын арада шетелдік компания иелігіне өтпек
Болашақ акционрелер әуежайды дамытуға 150млн доллар қаржы инвестициялауға дайын екендігін мәлімдеді. Ал түрік холдингінде келісілген нақты сомма туралы ақпарат айтылмады. кейбір аналитиктер Алматы әуежайының құнын 185-210 млн доллар көлемінде бағамдады. 

Алматы әуежайы сатылайын деп жатқандығы туралы хабар 2 апта бұрын тараған еді. Қазіргі уақытта әуежай иегері Нидерландыда тіркелген шетелдік компания болып отыр. 
 

Талқылау