Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі қашан қалпына келтіріледі: Вице-премьер жауап берді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тәртіпсіздіктер кезінде өртелген Алматы әкімдігінің қашан қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әкімдік

"Келтірілген залалды есепке алатын болсақ, Алматы әкімдігі мен "Қазақстан" Телерадиокешенін қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылдың қазан айында аяқталады", - деді Скляр мәжіліс отырысында. 

Тәртіпсіздіктер кезінде 1 630 шағын және орта кәсіп нысанының мүлкі зақымдалған. Жалпы келтіріген шығын 38,6 млрд теңгеге тең. 



Зардап шеккен кәсіпкерлерге үкімет қорынан және жеке қорларған өтемақы төленіп жатыр.

"11 наурыздағы жағдай бойынша ауданаралық комиссиясымен 1 630 өтініштің 1 192-сі мақұлданды, жалпы сомасы 5 342,9 млн теңге", - деді премьер-министр орынбасары. 

Қалған 438 кәсіпкерге өтемақы тек бағалау процесстерінен кейін төленеді. 

Айта кетейік, бұған дейін бас прокурор Мәсімов пен оның орынбасарлары қанша уақытқа сотталуы мүмкін екенін айтқан еді. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 14 Наурыз, 2022 15:12
Талқылау