Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ҰҚК бүтін бір отбасыға оқ жаудырған істі тергеуге кедергі келтіруде

Адвокат, құқық қорғаушы Айман Омарова Қазақстанның Бас прокуратурасына тәртіпсіздік барысында қаза тапқан бір отбасының екі мүшесінің өліміне қатысты тергеуді арнайы прокурорларға тапсыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның мәліметінше, қазір ІІМ әскери-тергеу басқармасында Сағындықовтар отбасы мүшелерін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жеті адамнан тұратын отбасын атуға арнайы жасақ қызметкерлері күдікті деп танылған. 

"Олардың екеуі оқиға орнында көз жұмды, біреуі жарақат алды. ҰҚК бұл істі тергеуге кедергі келтіруде, тергеуді арнайы прокурорға тапсыруды сұраймыз", –  деді адвокат Мәжілістің жалпы отырысында. 

Бұл факт нақты қай жерде болғандығы көрсетілмеген.

Еске салайық, бұған дейін біз 7 қаңтар күні қазаға көңіл айту үшін Алматыдан Түркістан облысы Қарағаш елді мекеніне жаназаға жолға шығып, өздері оққа ұшқан Сағындықовтар отбасы туралы жазған едік.

Комменданттық уақыттың енгізілгенін білетін олар, кеш түскенше жетеміз деп жоспарлаған. Алайда Алматы облысы Тарғап елді мекеніне келгенде арнайы көліктен әскери киім киген адамдар шығып оқ атқан. Нәтижесінде отбасының екі мүшесі қаза тауып, қалғаны жарақат алған. 

Талқылау