Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауын-шашын мөлшері нормадан көп": Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Климаттық мәліметтер бойынша сәуір айында күн тез ұзарып, күн көкжиектен жоғары көтеріледі. Одан әрі күн жылынады. Сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градус жоғары болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Республика аумағының басым бөлігінде сәуір айында жауын-шашын мөлшері нормадан көп. Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарында жауған жаңбыр мөлшері қалыптан тыс болса, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында жауын-шашын мөлшері айтарлықтай көп болмайды.

Сәуірде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан келген циклондардың әсерінен ауа-райының тұрақсыз болады. Желдің күшеюі секундына 15-20 метр жылдамдықпен, жекелеген күндері екпіні секундына 23-28 метрге дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен) жетеді. Сондай-ақ республика бойынша найзағай соғып, бұршақ болуы мүмкін.

“Сәуір айының бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. 3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, онкүндіктің соңында, яғни  8-9 сәуірде Қазақстанның орталық және оңтүстік-шығысында (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады. Онкүндіктің басында Қазақстанның батысында, ал онкүндіктің ортасында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды”, – делінген хабараламада.

Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2, -7°С дейін, күндіз +3, +8°С дейін төмендеуі мүмкін. 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0, +5°С, күндіз +12, +20°С дейін жоғарылайды. Синоптиктер онкүндіктің соңында температуралық фонның түнде -2,-7°С дейін, күндіз +5,+12°С дейін қайта төмендеуі мүмкін деп болжам жасады.

Сәуір айының басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5, +3°С дейін, күндіз +5, +15°С дейін төмендейді. Кейін түнде +3,+10°С дейін, күндіз +13+23°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3,+5°С дейін, күндіз +7,+15°С дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2,+9°С, күндіз +13,+20 градусқа тең.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон жоғарылайды:

  • Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +2, +10°С дейін, күндіз +15, +25°С дейін;
  • Оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында түнде +7, +13°С дейін, күндіз +17, + 27°С дейін.

Алайда, ауа температурасы қайта төмендеуі бек мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы Ресей аумағынан суық ауа массаларының келуі кезінде сынап бағансы түнде -2,-7°С-қа дейін, күндіз +6, +11°С-қа дейін, ал оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2, +7°С-қа дейін, күндіз +10, +18°С -ге дейін төмендейді.

Талқылау