Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымен бауыздап, кейін пәтерді өртемек болған": Ақтауда ер адам азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Ақтауда 14 шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерде 52 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілерінің мәліметінше, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Lada.kz кадрларынан

Оқиға 16 сәуір күні түнде болған. Көршілердің айтуынша, көз жұмған әйелдің аты Парахат болған. Ол тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адам ұсталған.

"Біз бәріміз таңғы сағат 5:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көрші шақырыпты. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған", – деді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

"Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің суретін көріп қалдым. Ол дәліздегі еденде жалаңаш төмен қарап жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты", – деді көршілердің бірі өткен түннің әсерін бөлісіп.



Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Талқылау