Актриса Сая Оразғалиева екінші сәбиін дүниеге әкелді
Актриса Сая Оразғалиева екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол 3 желтоқсан күні ұлды болды. Сүйінші хабарды Саяның өзі халыққа жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"03.12.21 күні сағат 21:56-да біздің ұлымыз дүниеге келді. Салмағы 3140 г, бойы 52 см.
Сүйіктім, жанымда болғаныңа рахмет. Бұл құнсыз қолдау! Саған сыйым - сенің көшірмең! Мен сені сүйемін. Радмир, сенің інің жақында үйде болады. Енді екеуің қос қанатымсыңдар", - деп жазды ол.
Сондай-ақ актриса күйеуінің күні бойы жанында болғанын, тек босанар сәтте сыртқа шығып кеткенін атап өтті. Қазіргі уақытта ананың да, баланың да жағдайы жақсы.
Айта кетейік, бұл – Саяның екінші некесі. Алғашқы отбасынан актрисаның бір ұлы өсіп келеді.
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр