Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеден табылған зергер өзінің қалай жоғалып кеткенін білмейтін болып шықты

Ақтөбеден табылған алматылық зергерден полицейлер жауап алатын болады. Барлығын да қызықтыратын сұрақ оның Батыс Қазақстан облысына қалай келгені. Тергеушілердің мәліметінше, 23 жастағы Темірхан Иман-Зұлпар бірер күн бұрын үйіне келген, деп хабарлайды “Алматы” арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазіргі уақытта ол Үшқоңырда туыстарының жанында. оған дәрігерлер көмектесіп жатыр. Әпкесінің сөзінше, жас жігіт өзінің қалай жоғалып кеткенін білмейді.

«Темірхан Иман-Зұлпар Ақтөбеден табылды. Денесінде жарақат жоқ, денсаулығы да қалыпты. Алайда ол Ақтөбеде жүрген кезінде күртесіз болған», – дейді Алматы облысы бойынша ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында Темірхан Иман-Зұлпар есімді жігіт жоғалып кеткен еді. Ол 6 ақпанда үйінен шығып, содан қайта оралмаған. Жас жігітті іздестіру шараларына еріктілер де қатысты. Алайда оны ақтөбелік таксистің хабарламасынан кейін тауып алыпты. Таксистің айтуынша, ол жігіттің суретін телеарнадағы жаңалықтардан көргеннен кейін, оны бірден таныпты.

Оқи отырыңыз:

Адасқан жігіттің тағдыры туралы айтқан теолог салафи ағымына талдау жасап берді

Жетім жігіт өзін тастап кеткен анасына арнап кеш өткізді

Астаналық бойжеткен әйгілі америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Семейлік математик АҚШ үкіметінде қалай жұмыс істеп жүр

Талқылау