Ақтөбедегі мектепке екі рет бомба қойылды: Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді
Ақтөбедегі мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат тарап, елді дүрліктірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар құрамы мен техникалық персоналдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері барлық ғимараттарға жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізуде.
Естеріңізде болса, 18 қаңтар күні аталған мектептің мекен-жайы дәл осы сынды хабарлама келіп түскен болатын. Әзірге хабарлама жазған адам әлі анықталмады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған