Ақтөбеде ер адам егде жастағы әке-шешесін пышақтап өлтірді
Ақтөбеде ер адам егде жастағы әке-шешесін пышақтап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласында 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында өз пәтерінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген өлім белгілері бар егде жастағы ерлі-зайыптылардың денесі табылды.
64 жастағы ер адам мен оның 70 жастағы әйелінің өлі денесін пәтерінен қызы тауып алған. Мәйіттер бір күн бойы жатып қалған. Қызы қайта-қайта қоңырау шалып хабар ала алмаған соң, пәтерге келген. Ата-анасының өлі денелерін көріп, бірден полицияға хабарлаған. Күдікті ұзаққа созылмай табылды. Ол марқұмдардың туған ұлы болып шықты.
“Өзім кешқұрым білдім. Ұлы үнемі ішіп жүретін. Әке-шешесін өлтірген соң, қашып кетті-ау деймін. Марқұмдар керемет адамдар еді. Менің немеремнің кіндік шешесі болды. Естігелі, көзімнен жас құрғамады. Ұлы оңбады ғой”, – дейді қала тұрғыны Валентина Зверьева.
Иранға салынған санкциялар толық алынса, Қазақстанда мұнай бағасы мен теңге бағамы қалай өзгереді
Рамазан Досовтың айтуынша, Иранның әлемдік нарыққа қайта оралуы мұнай бағасы үшін жағымсыз факторға айналуы мүмкін
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"