Ақтаулық жасөспірім өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамды құтқарып қалды
16 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақшы болған ер адамның өмірін сақтап қалды. Оқиға Ақтау қаласы 32 «А» ықшам ауданындағы 24 үйдің жертөлесінде болды.
Бұл туралы Lada.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Ол өз-өзіне келгеннен кейін, өтіп бара жатқан көліктің астына түспекші болды. Мен оны ұстап үлгердім. Жедел жәрдем бригадасы мен полиция келгенге дейін онымен бірге отырдым»,-дейді жасөспірім.
Аслан болған оқиғаға қатысты полицияға түсіндірме жазды.
Жедел жәрдем бөлімінде ер адамның өзіне қол жұмсауға тырысқаны расталды. Дәрігерлер атап өткендей, 1981 жылы туылған ер адам мас жағдайда болған. Ал полиция бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанның барлық жолаушылар пойыздарына Wi-Fi қосылады
Курск ауылының бұрынғы әкімінің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды
Елордада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық науқаны өтілуде
Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты