АҚШ-тағы кездесуден бас тартты: Елеусінов пен Дычконың келесі жекпе-жегі қай жерде өтетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычко (10-0, 10 КО) АҚШ-та өтетін кездесулерден бас тартқан. Олимпиада жеңімпаздарының менеджері Зия Алиев Vesti.kz басылымына берген сұхбатында боксшылардың келесі жекпе-жегі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Иван Дычко қарашаның басында АҚШ-та кездесу өткізеді деп күтілген еді. Ал Данияр Елеусіновтың жекпе-жек уақыты нақтыланбаған болатын. Бірақ қос спортшы да АҚШ-та өтетін жекпе-жектерден бас тартқаны белгілі болды.
"Нұр-Сұлтан қаласындағы кәсіби бокс кешіне дейін ешқандай кездесу болмайды. Дайындықты ұйымдастыру да мүмкін болмай тұр. Әрі Нұр-Сұлтанда өтетін кездесуге дайындалғанымыз жөн. Толығымен осыған зейін қоямыз", – деді Алиев.
Нұр-Сұлтан қаласында кәсіби бокс кеші 18 желтоқсанда өтеді. Барлығы 10-12 жекпе-жек болады деп жоспарланған. Қос спортшы кештің бас жұлдызы болмақ. Сонымен қатар Елеусінов бірден екі белбеуге таласуы мүмкін.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"